Перейти к основному содержимому

Дене шынықтыру мен спорт мамандарының физиологиялық анатомиялық негізі жайлы білімдерін кеңейту


DU

Дене шынықтыру және спорт мамандарының физиологиялық анатомиялық білімдерін кеңейту

Дене шынықтыру және спорт мамандарының физиологиялық анатомиялық білімдерін кеңейту; - Мүшелердің, мүшелер жүйесінің және біртұтас ағзаның өсіп-даму функцияларының әр жас аралығындағы ерекшеліктері туралы білім мазмұнын кеңейту; - Спортшының техникалық-тактикалық дайындығы барысында анатомиялық, физиологиялық негіздерін практика жүзінде бағалау; - Спорттық іс-әрекеттегі дененің физиологиялық реакциялары туралы дайындық кезеңін саралау.

Дене шынықтыру мамандары адам ағзасының құрылыс ерекшеліктерімен таныс болу мақсатында дене шынықтыру және спорт мамандарының физиологиялық анатомиялық білімдерін кеңейту үшін жасалған курс.

Бұл курста берілетін ақпаратты игеру үшін тыңдалушылар университетте, колледждерде дене шынықтыру саласында білім алып жатқан студент болуы қажет.

Дене шынықтыру мен спорт мамандарының өзін-өзі жетілдіру, кәсіби жолдарын анықтауға мониторингтік сараптама жасай білу және оның ары қарай дамуын; оқу-әдістемелік кешендермен жұмыс жасай алу кұзыреттілігін қалыптастыра алуды үйренеді. Курс дене шынықтыру саласының білім алушыларына, мамандарына арналғандықтан дене тәрбиесі мен спорт гигиенасынан білімі болуы қажет.

Курстың ұзақтылығы қоса алғанда 10 аптаға созылады.

Фотография преподавателя #1

Нөгербек Әсем Джексенбайқызы, «Дене шынықтыру мен спорт теориясы» кафедрасының аға оқытушысы

Нөгербек Әсем Джексенбайқызы, Жаратылыс ғылымдарының магистрі, ЖОО 9 жыл еңбек өтілі бар.

Внести в список