
Сугурова Лаура Алхайдаровна.
PhD доктор, и.о. доцента кафедры «Автоматика и телекоммуникации» Таразского регионального университета имени М.Х.Дулати.
«АБЖ жасанды интеллект» пәні бағдарламалау негіздерін оқығанда алған дағдылардың жетілдіруін қамтамасыз етеді. Бұл пән бағдарламалау мен математиканың түйіскен жерінде орналасады, бірақ тәжірибелік тұрғыдан бағдарламалауға бағытталған. Бұл пәнді оқығанда білім алушылар бағдарламалық қамтылуды әзірлеу саласынан қосымша білім алады.
Жасанды интеллект саласындағы зерттеу 30 жыл бойы жүргізуде. Жасанды интеллект адам ойын компьютерде бейнелейтін бағдарламалық жүйе. Бұндай жүйені жасау үшін белгілі бір облыста шешім қабылдайтын немесе нақтылы есептерді шешетін адамның ойлау үрдісін зерттеу қажет және осы үрдістің негізгі қадамдарын бөліп көрсетіп, оларды компьютерде іске асыратын бағдарламалық жабдықтарды жасау қажет.
Пәннің мақсаты – жасанды интеллекттің қолданбалы жүйелері туралы жалпы білім беру, интеллектуалды жүйелерді құрудың нейроинформатика және білімдер инженериясы деп аталатын екі негізгі бағыты бойынша негіздерді қалыптастыру, ғылыми-техникалық прогрессте және басқару жүйелерін құруда жасанды интеллект пен нейроинформатиканың ролін түсіну.
PhD доктор, и.о. доцента кафедры «Автоматика и телекоммуникации» Таразского регионального университета имени М.Х.Дулати.