
Нұрадин Гулхан Болатқызы
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, филос.ғ.к., доцент
«Мәдениет философиясы» атты курс студенттің тіл, этнос, табиғат, құндылық, өркениет, адам және тағыда басқа басты ұғымдармен мәдениетті байланыстыра отырып, тараулар мен тараушалар арқылы бөлімдерге бөліп, оны нақты ғылыми ақпараттар арқылы барынша жеңілдету. Аталған тараушалар ішінде сирек кездесетін мәдени антропология, инвектива, экологиялық мәдениет, тұлға мәдениеті, тұрмыстық мәдениет философиясы және т.б. сынды ұғымдарға түсінік беріліп, сараланған. Ой жүйріктігі мен талданған тақырыптарды пысықтау мақсатында 30 сұрақтан құралған 3 нұсқалық тест тапсырмалары жадыда қалған ақпараттарды бекітуде маңызға ие. Соңғы нұсқаны «қызық тест» деп атасада болады, онда студенттер қызығушылығын арттыру, ғылыми терминдер мен мағыналы сұрақтардан жалықтырып алмау мақсатында қарапайым өмірден алынған бірақ мәдени-философиялық бояуы бар сұрақтар қатары толықтырады. Курс философия, мәдениеттану мамандығының студенттеріне, жоғары оқу орындарындағы гуманитарлық мамандықтардың оқытушылары мен студенттеріне және мәдениет философиясына қызығушылық танытатын барша оқырман қауымға арналған.
Курстың «мәдениет философиясы - культурфилософия» деп аталатын бірінші тарауында мәдениет философиясы мен мәдениет ұғымының пәндік аймақтары зерттеу нысанына алынса, «мәдениет және адам» атты екінші тарау аталмыш өте үлкен ұғымдар арасынан туындаған бірқатар келелі мәселелерге тоқталады, үшінші тарау «мәдениет және этнос» тақырыбына арналып ондағы құндылық, тіл, бұқаралық мәдениет сынды проблемалар аясы сараланады, соңғы «мәдениет және өркениет» атты төртінші тарау жаһандану, экология аумағын қамти келе отандық мәдениет дамуына тоқталады. Берілген тараулар мен тараушалар белгісімен жасақталған жаңаша, әрі тың ауқымды ғылыми материалдар студенттер назарына ұсынылады.
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, филос.ғ.к., доцент