
Нұрадин Гулхан Болатқызы
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, филос.ғ.к., доцент
Бүгінгі күні әлем үшін ең өткір тақырып ретінде танылып отырған өркениетті әр қырынан қарастырып жете зерттеу ғылымда сұранысты талап етіп отыр. Бұл мәселе зерттелген сайын түрленіп, қырланып жаңа көзқарастар туғызуға өз себебін тигізді. Әрбір ел, ұлт, халық, мемлекет өз өркениет тарихын қазбалап, жетістіктерін жариялауға, қадір тұтыуға, қастерлеп сақтауға тырысады. Біздің мұндай іске ұмтылуымызға себеп көп, сондықтанда Қазақстан үшін, қазақ елі үшін өркениет тарихын зерттеп зерделеу еселеп еңбектенуді қажет етеді. Қолдарыңызға тиіп отырған кітап мақсаты да дәл осы бағытты көздейді және өркениет жолындағы, құрылымындағы кейбір мәселелерді түсінуге көмектеседі. Өркениеттің өзіндік қалыптасқан дәстүрі бар. Сол дәстүрлер сабақтаса келе тұтастықты, бүтіндікті құрайды. Дәстүр өз қалыптылығын, ал сабақтастық өз рөлін әлсіретіп, тіпті жойған жағдайда өркениетте өз тұтастылығынан айрылады. Бұл өте күрделі мәселе. Бұл курс осы мәселеге арналған ғылыми зерттеудің нәтижесінде жарық көріп отыр.
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, филос.ғ.к., доцент