Перейти к основному содержимому

Табиғи ресурстар географиясы және гидрология


DU
Запись на курс закрыта

Курс туралы

«Табиғи ресурстар географиясы және гидрология» пәні табиғат ресурстарының теориялық мәселелері, оның салалық түрлері мен орналасу ерекшеліктері, әсер етуші факторлар мен оларды қорғау мәселелерін зерттейді.
Табиғат ресурстарын зерттеу және пайдалану көп қырлы кешенді проблема болып табылатындықтан, ««Табиғи ресурстар географиясы және гидрологияның» ғылыми міндеттерін шешу барысында оның тек география ғылымдарының бүкіл жүйесімен ғана емес, басқа да қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарымен (салалық экономикалармен, геологиямен және т.б.) тығыз байланыстарын ескеру қажет.
Қазіргі таңда осы ресурстар түрлері белгілі бір жүйеге байланысты жіктелінеді. Ал табиғат ресурстары өз кезегінде географияның келесі - физикалық және экономикалық бағыттағы салаларында қарастырылады. Бірақ физикалық және экономикалық география курстарының мазмұндарында табиғат ресурстары жан-жақты сипатталмаған, әрі мәліметтер толықтай қамтылмаған күйде, тек оларға жалпыма шолу ғана жасалған. Адамзат қоғамының өмiрiнде табиғат байлықтарының алатын орны өлшеусiз. Дүниежүзi қауымдастығының жалпы дамып қалыптасуы, оның жаратылыспен және географиялық ортамен үздiксiз әрекеттесiп келе жатқан тарихи-қоғамдық процесс екендiгiнiң дәлелi. “Табиғат пен қоғам” – бiртұтас бұзылмайтын жүйе. Олардың арасындағы өзара байланыс барған сайын белсендi түрде жүруде және табиғаттағы антропогендiк ықпал күшейе түсiп, оны үнемi өзгерту үстiнде. Оған мысал ретiнде, адамның табиғат ресурстарын осы кезге дейiн жыртқыштықпен пайдалануын атауымызға болады. Қазiргi кезде оның әсерінен көптеген ғаламдық проблемалар туындап, әсiресе қоршаған ортаның экологиялық мәселесi аса ушыққан күйде қалуда.
«Табиғи ресурстар географиясы және гидрология» курсы бүкіләлемдік деңгейде Қазақстанның қатысуымен қарастырылады. Жалпы курстың мазмұнында – жер бедері мен геологиялық даму ерекшеліктеріне байланысты қазіргі пайдалы қазбалардың қалыптасу жағдайы талданумен және негізгі экономикаға ықпал тигізетін кен байлықтары анықталумен, әрі оларды ұтымды пайдалану мәселелері баяндалумен қатар, қоршаған орта жағдайы да қозғала отырып, табиғат ресурстарын игерудің және өндірудің тиімді жолдары мен аспектілері де қарастырылады.

Пәнді оқытудың басты мақсаты

- географтарды гидрологияның бастапқы негіздерін студенттерге беру, гидрологиялық үдерістердің жалпы заңдарында білімін кеңейту және тереңдету, географиялық ресурстарды басқару саласындағы географтарды дайындау, геосфера ресурстары мен олардың шығу тегі туралы білім жүйесін құру, территорияның ресурстық әлеуетін сипаттау және болжау ресурстардың қолжетімділігі.

Пәнді оқытудың міндеттері:

- табиғи ресурстар географиясының қалыптасуы, дамуы, келешегі және басқа да пәндермен тығыз байланыстылығын зерттей алу;
- табиғи ресурстар географиясының қоғамдық пән екендігін көрсете білу;
- табиғи ресурстар географиясының Қазақстанда және ТМД елдеріндегі дамуын қарастыра білу;
- табиғи ресурстарына баға бере отырып жіктелістерін түсіну
- табиғи ресурстардың қоршаған ортадағы маңызына тоқталып, өзектілігін түсіндіру
- гидрологияның міндеттерін және оның халық шаруашылығындағы рөлін;
- су нысандарының жалпы ерекшеліктерін және олардың жер шары бойынша таралуын;
- географиялық ортаның гидросферадағы үрдістердің даму заңдылықтарына әсер етуін.

Пәнді игеру барысында сіз білуіңіз керек:

Білуі керек:

- табиғи ресурстарды жіктеу
- ресурсты пайдалану мен ресурстық сфераның түрлену сипаттамасына баға беру
- минералды ресурстар, пайдалы қазбалар ресурсы, отын-энергетикалық ресурстар, әлемдік минералды ресурстар, металрудалық ресурстар таралу аймақтарын
- жер ресурстары, биологиялық ресурстар, өсімдік және жануарлар ресурстары, су ресурстарының қалыптасуы және адам баласының пайдасына жүзеге асуы
- әлемдік мұхиттың биологиялық ресурстары
- гидросфера және сулардың жер шарында таралуы
- жер бетінде сулардың таралу заңдылықтары

Меңгеруі керек:

- су алаптарының негізгі морфометриялық сипаттамаларын және олардың географиялық ерекшеліктерін анықтай білуі;
-берілген гидрометриялық өлшеулерге алғашқы өңдеулер жүргізе білуі.
-білім беру процесінде табиғат ресурстарын тиімді пайдалану ақпараттын қолдану;

Оқу бағдарламасы «Тарих және география» кафедрасының мәжілісінде қаралған және 6В05214-«География және табиғаттың тіршілікке үйлесуі» білім беру бағдарламасының студенттері үшін оқу үрдісінде қолдануға ұсынылған.

Курс авторы

Фотография преподавателя #1

Елубаева Гүлшат Ақжолқызы

Педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы.
1988 жылы 14 наурызда Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Леңгір қаласында дүниеге келді. 2009 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «География» мамандығы бойынша оқуын бітірді. 2011 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі берілді.
2008-2009 жылдарда 2 рет қатарынан Президенттік шәкіртақы иегері болды.
2010 жылы Ресей федерациясында «Кузбаск мемлекеттік педагогикалық академияда» өз тәжірибесін көтеру мақсатында оқудан өтті.
2010 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық университетіне Жастар ісі жөнінде ректор көмекшісі қызметіне қабылданды.
2012-2014 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы, Еуразия ұлттық университетіне «Журналистика және саясаттану» факультетінің менеджер қызметіне қабылданды.
2019 жылдан бері Тараз мемлекеттік университетінің «Экология» кафедрасында оқытушы қызметінде жұмыс атқарды.
2021 жылы Тараз өңірлік университетінің «Тарих және география» кафедрасыныңың аға оқытушысы болып жұмыс жасап жатыр.