Перейти к основному содержимому

Курс туралы ақпарат

Тарих ғылымының проблемаларын нақты методологиялық талдауларсыз шешу мүмкін емес. Бұл проблемаларға дәлірек айтсақ, дүниежүзілік тарихи үдерістің заңдылықтары, қазақ тарихының әлем тарихының құрамдас бір бөлігі екендігі, Қазақстан аумағында өмір сүрген халықтардың, олардың тарихтағы рөлі, субъективті факторлардың ықпалы және сол сияқты көптеген мәселелер жатады.
Отан тарихын терең зерттеген сайын, әрі жаңа методологиялық ұстанымдарды қалыптастыру барысында оның зерттелмеген мәселелерінің шаш етектен екендігіне көз жеткізілуде. Оның үстіне соңғы уақыттарда тарихи зерттеулер жүргізуде ғылым мен техниканың жаңа технологиялық жетістіктері пайдаланылуда. Осының барлығы тарих ғылымының қазіргі кезеңдегі жағдайы, зерттеулерге талдау жасаудың деңгейі оның теориялық-методологиялық негіздерін жетілдіруді талап етеді.

Курстың мақсаты: Пәннің мақсаты-зерттеу объектісі тарих ғылымының салалары тарихнаманың және деректанудың өзіне тән зерттеу методологиясын, ерекшеліктері мен заңдылықтарын пайдалана отырып, тарихнамалық еңбек жазудың, деректанулық талдау жасаудың бағыт-бағдарын, үлгісін нақты мәселелерді қарастыру арқылы көрсету.

Курсты оқытудың міндеттері:
- Қазақ хандығының құрылуы, өрлеуі жіне құлдырауы тарихына қатысты дың деректермен танысу;
- Отан тарихындағы хандық дәуірге қатысты негізгі фактілер мен құбылыстарды білу;
- Тарихи жағдайды бағалай білу, тарихи талдау жүргізу; жазбаша және ауызша деректер кешенін жүйелеу және талдау;
- Отан тарихындағы хандық дәуір кезеңіне қатысты проблемалық мәселелерді бағдарлау;
- Ортағасырлық терминология мен түсініктер туралы ақпарат көздерін талдау дағдыларына ие болу.

Курс авторы

Фотография преподавателя #1

Сейдан Замира Сейданқызы

2000-2004 ж.ж М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Тарих және география» мамандығын бітірген. 2006-2007 ж.ж М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің магистратура бөлімін аяқтап «Тарих» магистрі академиялық дәрежесін алды.
Еңбек жолын 2004-2013 ж.ж Тараз «Парасат» колледжінде 1-ші санаттағы оқытушы қызыметін атқарды. 2013 жылдан бастап,осы уақытқа дейін Тараз мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушысы, 2019 жылдан бастап аталған кафедраның аға оқытушысы.
Қазіргі уақытта «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультеті, «Тарих» кафедрасының аға оқытушысы.Замира Сейданқызы кафедраның МАК хатшысы және «Глобус» үйірмесінің жетекшісі жұмысына жауапты, 4-курс студенттеріне куратор.

Внести в список