Перейти к основному содержимому

«Теориялық механика» пәні бойынша дәрістер курсы


DU
Запись на курс закрыта

Курстың сипаттамасы

«Теориялық механика» пәнінен дәріс курсының Механикалық қозғалыстағы денелердің негізгі заңдары мен принциптерін үйрету. Теориялық механика есептерін шығару барысында білімгерлердің ғылыми-аналитикалық ой-өрісін дамыту, әртүрлі заңдардың қолдану шегін түсіне білуді үйрету, зерттеулердің шынайы нәтижелерін алу үшін теорияны, практикалық тәсілдерді қолдана білуді үйрету

Курс нәтижесінде сіз мынаны білетін боласыз:Теориялық механиканың негізгі түсініктерін (күш, күштер жүйесі, байланыстар және олардың реакциялары, күштің центрге қатысты және өске қатысты моменттері, күштер жүйелі әсерінен дененің тепе-теңдік шарттары, ауырлық центрі, траектория, жылдамдық, үдеу, бұрыштық жылдамдық және бұрыштық үдеу, масса, масса центрі, инерция моменті, қозғалыс мөлшері, кинетикалық момент, кинетикалық энергия, жұмыс, қуат инерция моменті). Негізгі заңдар мен теоремаларды (статика аксиомалары, Ньютон заңдары, нүкте және жүйе үшін динамиканың жалпы теоремалары, Даламбер принципі және мүмкін орын ауыстыру принципі, динамиканың жалпы теңдеуі).

Курс нәтижесінде сіз мынаны үйрене аласыз:- статика есептерін, нүкте және қатты дене кинематикасының есептерін, нүктенің, механикалық жүйенің және қатты дене динамикасының есептерін құру;- нүкте мен қатты дене қозғалысының кинематикалық және динамикалық сипат-тамаларын, механикалық жүйенің масса центрін, қарапайым денелердің өстік инерция моменттерін есептеу;- тепе-теңдік теңдеулерін құру, нүктенің механикалық жүйе мен қатты дененің қозғалысын дифференциалдық теңдеуін құру; - статика есептерін, нүкте және қатты дене кинематикасының есептерін, нүктенің, механикалық жүйенің және қатты дене динамикасының есептерін құру; нүкте мен қатты дене қозғалысының кинематикалық және динамикалық сипаттамаларын, механикалық жүйенің масса центрін, қарапайым денелердің өстік инерция моменттерін есептеу;- тепе-теңдік теңдеулерін құру, нүктенің механикалық жүйе мен қатты дененің қозғалысын дифференциалдық теңдеуін құру.

Студенттерге қойылатын талаптар

Студенттер математика және физика пәндерінің негізін білуі керек

Курс авторы

Фотография преподавателя #1

Нусіпәли Роллан Карсонұлы

PhD докторы, қауымдастырылған профессор м.а., «Көлік және машина жасау» кафедрасы, Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру институты