About This Course
Бұл курс қозғалыстағы жалаңаш адам фигурасын аралас техникада бейнелеу дағдыларын қалыптастыруға арналған. Курста студенттер адам денесінің пропорциясын талдайды, қозғалыс динамикасын анықтайды, пластикалық құрылымды бейнелейді және әртүрлі көркем материалдарды (қарындаш, көмір, сангина және т.б.) тиімді қолданады. Оқу барысында студенттер көп сеанстық сурет орындау кезеңдерін жүйелі түрде жүзеге асырады, композициялық шешім қабылдайды және академиялық сурет салу әдістерін тәжірибеде қолданады..
Курстың мақсаты – студенттердің кәсіби көркемдік дағдыларын дамыту, қозғалыстағы адам тұлғасын дәл және әсерлі бейнелеу қабілетін жетілдіру. Оқыту барысында бейнесабақтар, цифрлық демонстрациялар, интерактивті тапсырмалар және онлайн кері байланыс сияқты инновациялық технологиялар қолданылады.
Курс студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыруға бағытталған: тапсырмалар ойын элементтерімен толықтырылған, нәтижелер рейтинг және балл жүйесі арқылы бағаланады. Бұл студенттердің жүйелі жұмыс жасауына және өз нәтижесін үнемі жақсартуына ынталандырады.
.
Requirements
Бұл курсты игеру үшін тыңдалушылар академиялық сурет салудың бастапқы дағдыларына ие болуы қажет. Атап айтқанда, студенттер қарапайым геометриялық пішіндерді бейнелеу, жарық-көлеңке қатынастарын көрсету, пропорцияны сақтау және композиция негіздерін қолдана алуы тиіс. Сонымен қатар, қарындашпен жұмыс істеудің бастапқы техникасын (штрих, тон беру, сызық жүргізу) меңгеруі ұсынылады.
Курс негізінен бакалавриаттың 2–3 курс студенттеріне арналған. Алдын ала «Сурет I–II» пәндерін меңгеру ұсынылады.
Қажет болған жағдайда тыңдалушыларға дайындық деңгейін теңестіру үшін курстың бірінші модулінде қосымша анықтамалық материалдар ұсынылады. Оларға адам анатомиясының негізгі пропорциялары, қозғалыс пластикасы, сондай-ақ аралас техникада жұмыс істеу ерекшеліктері бойынша қысқаша нұсқаулықтар мен бейнематериалдар кіреді.
Бұл материалдар студенттерге курсты тиімді меңгеруге және практикалық тапсырмаларды сапалы орындауға мүмкіндік береді.
Course Staff
Staff Member #1
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын 2006 жылы қызыл дипломмен аяқтадым. Институт қабырғасында оқып жүргенде, «Шабыт» - 7, Астана 2004 шығармашыл жастар фестиваліне, институт бітірген соң «Шабыт» - 10, Астана 2007 шығармашыл жастар фестиваліне, «Шабыт» - 11, Астана 2008 шығармашыл жастар фестиваліне қатыстым.
2008 жылы желтоқсанда «Сурет» номинациясы бойынша Облыс әкімшілігінің шығармашыл жастарды қолдау мақсатындағы облыс әкімі сыйлығының лауреаты болдым.
2012-2013 оқу жылында Еуразиялық дизайнерлер одағына мүше болдым.
Staff Member #2
Biography of instructor/staff member #2
Frequently Asked Questions
What web browser should I use?
The Open edX platform works best with current versions of Chrome, Edge, Firefox, Internet Explorer, or Safari.
See our list of supported browsers for the most up-to-date information.
Question #2
Your answer would be displayed here.