Перейти к основному содержимому

Аналитикалық химия


DU
Запись на курс закрыта

Курс туралы ақпарат.

Аналитикалық химия – химия ғылымының бір саласы, ол заттың химиялық құрамын анықтау үшін қолданылатын химиялық анализ әдістерін жасап, оларды дамытумен, сол әдістерді жүзеге асырумен және олардың теориялық негіздерін терең зерттеумен айналысады. Анықталатын зат компонеттерінің сапалық және сандық құрамын анықтауға қажетті жағдайларды жасау және химиялық процестерді зерттеу жұмыстарын саналы әрі сапалы түрде жүргізу бұл аналитикалық химияның теориялық негізін жақсы меңгергенде ғана мүмкін болады. Аналитикалық химия курсы студенттердің химиялық анализдің негізгі заңдылықтары бойынша теориялық білімдерін және терең ойлау қабілеттерін қалыптастыра отырып, химиялық анализ әдістерін және әртүрлі ғылыми-зерттеу тәсілдерін тиімді жүргізуді үйретеді.

Бұл курсты игергенде сіздің қолыңыздан келетін мүмкіншілік: - химиялық, физика-химиялық талдау әдістерінің теориялық негіздерін; нақты аналитикалық процедуралар және аналитикалық реагенттерін; қазіргі заманғы химиялық, физикалық және химиялық талдау әдістерінің аналитикалық мүмкіндігін біледі. - өлшеу нәтижелерін, химиялық талдаудағы қателерді есептеу, химиялық талдау әдістерінің метрологиялық сипаттамаларын өңдейді. - қазіргі заманғы химиялық және аспаптық талдау әдістерін қолданудың практикалық әдістерін меңгереді.

Нақты аналитикалық реагенттерін, қазіргі заманғы химиялық, физикалық және химиялық талдау әдістерінің аналитикалық мүмкіндігін біледі.

Студенттерге қойылатын талаптар

Қазіргі заманғы химиялық және аспаптық талдау әдістерін қолданудың практикалық әдістерін меңгереді

Курс командасы

Сейтбекова Гульназия Аташбековна №1

т.ғ.к., доцент м.а.

Кантарбаева Сауле Мейрхановна №2

химия магистрі, аға оқытушы