Перейти к основному содержимому

«Қонақжайлылыққа кіріспе» пәнінен бейне сабақтар курсы


DU
Запись на курс закрыта

Курс туралы ақпарат

Курстың мақсаты қонақжайлылық индустриясының ерекшеліктері туралы тұтас түсінік қалыптастыру; қазіргі қонақжайлылық индустриясының негізгі объектілерімен таныстыру; қонақжайлылық индустриясын және онда болып жатқан процестерді сипаттайтын ұғымдық аппаратты игеру; қонақжайлылық индустриясының ерекшеліктерін есепке алу тәжірибесін алу; туристік қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың теориялық негіздерін игеру болып табылады; қонақжайлылық индустриясының қызмет саласы ретіндегі негізгі түсініктері мен анықтамаларын, қонақжайлылық индустриясының тарихи дамуын, қонақ үй кәсіпорнының құрылымын білу.

Студенттерге қойылатын талаптар

Нәтижелі жұмыс атқару үшін студенттің академиялық адалдығын сақтау, оқу процесіне белсенді қатысу, уақтылы берілген тапсырмаларды бақылау кестесіне сай орындап отыру қажет. Пәнді оқу кезінде сізді төзімдіжәне ашық-жарқын болуға шақырамыз. Студенттің жүріс-тұрысы университеттің ішкі ережелеріне сәйкес келуі керек. Студент оқытушы ұсынған лекциялар конспектісін, видео-лекцияларды, презентациялар мен тізімде көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қолданып,әрбір лекциялық және практикалық сабаққа дайындалуы қерек. Пән бойынша тапсырмаларды бағалау бақылау кестесіне сәйкес жүргізіледі. 4, 6, 8, 10, 12 және 14 апталарда процентпен көрсетілген бағалар дерекқорға енгізіледі. Максималдық балл - 10 балға тең және балдық-рейтингтік шкала бойынша 0 - 100% шамасымен бағаланады..

Курс авторы

Фотография преподавателя #1

Аташева Дарья Орынхановна

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.

Жалпы еңбек өтілі – 32 жыл, педагогикалық өтілі – 27 жыл. Венгрия, Польша, Чехия, Ұлыбритания, АҚШ және ТМД елдерінің (Scopus, RSCI, KKSON) басылымдарында 70-тен астам ғылыми мақалалар мен жарияланымдардың авторы, сондай-ақ қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде 3 оқулық пен 1 монографияның авторы.