
АБИЛДАЕВ СУЛТАН ТАЛАСБАЕВИЧ
«Экономика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры,PhD докторы, Абилдаев Сұлтан Таласбайұлы 1976 жылы 16 қантарда Жамбыл облысы,Талас ауданы, Кенес ауылында дүниеге келген. Ол 1993 жылы Тараз қаласының С.Абыланов атындағы мектеп-интернатын бітіріп, «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша Египет араб республикасындағы,Александрия қаласында орналасқан Александрия университетіне оқуға түсті.
1999 жылы Абай атындағы Алматы мсемлекеттік университеттібітіргеннен кейін, Жамбыл қаласы, Тараз мемлекеттік университетінің «Халықаралық экономика» кафедрасына ассистент қызметіне жұмысқа қабылданды.
1999 жылдан 2010 жылға дейін факультет деканының орынбасары қызметтерін атқарған.
2004 жылы Тараз мемлекеттік университетінің магистратурасына түсіп 2006 жылы бітіріп шығып, Тараз мемлекеттік университетінің «Халықаралық экономика» кафедрасына аға оқытушы қызметіне қабылданды.
2010 жылы Тараз мемлекеттік университетінің докторантурасына түсіп 2013 жылы бітіріп шығып, Тараз мемлекеттік университетінің «Экономика» кафедрасына доцент м.а.қызметіне жұмысқа қабылданды
2013 жылы Алматы қаласында орналасқан Нархоз университетінде «Аймақтық экономиканың бәсекелестік қабілеті: теориясы және тәжірибесі» атты диссертациялық жұмысын сәтті қорғап, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2014 жылы 14 сәурдін № 649 бұйрығына сәйкес 6Д050600-Экономика мамандығы бойынша философия Докторы PhD ғылыми дәрежесі берілді.
2019-2021 жылдар аралығында «Есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
2007 жылдан 2020 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, мемлекеттік жобалардын тиімділігін жергілікті жерде жүзеге асыру мәселелері бойынша арнайы шақырылған лектор ретінде дәріс оқыған.
2013 жылы Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының степендиаты. Абилдаев Сұлтан Таласбайұлы бірнеше халықаралық байқауларға қатысып, 2002 жылы Европалық Одақ ұйымы қаржыландырған «Жібек жолы» бағдарламасының женімпазы ретінде, Орта Азияда халықаралық туризмді жетілдіру жобасының жауапты кординаторы ретінде,«Халықаралық туризм» мамандықтарын оқытуға қажетті оқу-әдістемелік кешенін жасап,осы жобаны сәтті қорғаған. Осы байқау аясында Бельгия патшалығы, Брюссель еркін университетті мен Испания патшалығы,Балеар аралдар университетерінде тағылымдамалардан өткен.
2010 жылы Тараз мемлекеттік университетімен Қытай халық Республикасының Шехэзи университетінің бірікен жобасы аясында осы университетте ғылыми тағылымдамадан өткен. Жалпы ғылыми – педагогикалық еңбек стажы 23 жылды құрайды. Абилдаев Сұлтан Таласбайұлы осы уақыт аралығында 1 монография және 12 оқу құралының авторы атанды. Ғылым саласы бойынша алыс және жақын шетелдерде, отандық басылымдарда 150 ғылыми мақаласы жарияланған. Абилдаев Сұлтан Таласбайұлы 10 магистрантқа жетекшілік жасап, барлық магистранттар диссертациялық жұмыстарын сәтті қорғап, бірнеше байқаулардын женімпаздары атанған. Атап кететін болсақ, Керимбаева Ж- республикалық конкурста «Лучшии молодой ученый», Әбдіқадыр Ж-«Қазақстанның үздік магистранты» атанды. Абилдаев Сұлтан Таласбайұлы саяси-қоғамдық белсенділігі өте жоғары.
2002 жылдан 2019 жылдар аралығында Жамбыл облыстық орталық сайлау комиссиясының мүшесі болған.
2002 жылдан 2014 жылдар аралығында «Қазақстан болашағы» жастар ұйымының төрағасы қызметін атқарған.
2018 жылдан қазірге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің экономика саласы бойынша эксперт қызметтерін атқарған.
Саяси-қоғамдық белсендігі үшін Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жылдық» мерекелік медалімен, Жамбыл облысының Құрмет грамотасымен, Жамбыл облысының мәслихатының Құрмет грамотасымен, Тараз қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен, «Нұр Отан» саяси партиясының Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасының Президентінің, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының және университет ректорларының Алғыс хаттарымен наградталған.