
ЖУМАДИЛОВА АНАР КАРАТАЕВНА
техника ғылымдарының кандидаты, "Экология" кафедрасының меңгерушісі
Пәннің мақсаты: Табиғат пен қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтар туралы тұтас түсінік қалыптастыру.
Міндеттер: - тірі ағзалардың, әртүрлі деңгейде ұйымдастырылған экожүйелердің, бүкіл биосфераның қызмет атқаруының негізгі заңдылықтарын және олардың тұрақтылығын оқып-білу; - биосфера компоненттерінің өзара әсерлесу заңдылықтары және адамның шаруашылық әрекеттерінің, әсіресе табиғатты қарқынды пайдалану кезіндегі салдарлары туралы білімдерді қалыптастыру; - әртүрлі мемлекеттердегі және Қазақстан Республикасындағы тұрақты дамудың тұжырымдамалары, стратегиясы және практикалық міндеттері туралы заманауи түсініктерді қалыптастыру; - студенттердің экологияның, қоршаған ортаны қорғаудың және тұрақты дамудың күрделі және шиеленіскен мәселелерін талқылауда ауқымды кешенді, объективті және шығармашылық көзқарасын қалыптастыру.
техника ғылымдарының кандидаты, "Экология" кафедрасының меңгерушісі