Бақтыбаева Ғазиза Төлеухановна
Маковецкая Анастасия Андреевна
Қашықтықтан білім беру бөлімінің сектор жетекшілері, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті.
Курстың мақсаты - педагогтің кәсіби қызметі саласында ақпараттық технологиялар бойынша білім жүйесін қалыптастыру, мәліметтерді өңдеу, талдау және сақтау, студенттерді оқу материалын көрнекі ету және оқытудың сапасын арттыру үшін заманауи бағдарламалық және техникалық құралдарды пайдалануға даярлау, осы білімді қазіргі ақпараттық ағындарда қолдана білу.
Курстың міндеті - оқу үрдісі үшін мультимедиялық контентті құрастырудың және өңдеудің тәсілдері мен әдістемесін үйрену.
"Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру: құралдар мен технологиялар" қосымша білім беру бағдарламасы практикалық педагогикалық қызмет жүргізетін білім беру мекемелерінің оқытушыларына арналған. Осы бағдарлама бойынша оқыту ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы кәсіби қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бұл курстың тыңдаушысы компьютердің озық пайдаланушысы болуы керек және оқытушылық тәжірибесі болуы керек.
Қашықтықтан білім беру бөлімінің сектор жетекшілері, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті.