Курс туралы ақпарат
6В02211-Тарих білім беру бағдарламасы Пән тұрғындардың орналасуы мен олардың демографиялық тарихын, халықтың табиғи өсімі заңдылықтары мен мәселелерін, белгілі бір тарихи жағдайдағы демографиялық процестер мен құбылыстарды зерттейді. Қазіргі кездегі халық арасындағы көші-қон процестері және тарихтың әртүрлі кезеңдеріндегі мемлекеттердің демографиялық саясаты, этнодемографиялық процестерге әсер ететін экономикалық, әлеуметтік және табиғи факторлар қарастырылады.
Курстың мақсаты
Пәннің мақсаты-зерттеу объектісі ретінде халықтың қоныстануының ерекшелігін және оның даму заңдылықтарын сипаттау қабілетін қалыптастыру. Әртүрлі демографиялық процестерді сипаттайтын негізгі фактілер мен құбылыстар, тарихи демография әдістері, тарихи демография бойынша тарихшылар мен демографтар жұмыстарының негізгі проблемасы, мемлекеттің демографиялық саясатының негізгі бағыттары зерделенетін болады.
Курсты оқытудың міндеттері:
Әр түрлі демографиялық процестерді сипаттайтын негізгі фактілер мен құбылыстарды білу.
Тарихи жағдайды бағалай білу, жағдайға демографиялық талдау жүргізу; жазбаша демографиялық дереккөздер
кешенін жүйелеу және талдау, Қазақстанның тарихи демографиясы мәселелерін бағдарлау.
Тарихи-демографиялық терминология мен тұрғындар туралы ақпарат көздерін талдау дағдыларына ие болу
Курс авторы
Альдибаева Аида Берікқызы
1982 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Көлқайнар ауылында дүниеге келген. 1989 жылы Байзақ ауданы, Абай ауылы «Абай» орта мектебіне қабылданып аталған мектепті 1999 жылы бітірді. 1999-2013 ж.ж М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Тарих, құқық және экономика» мамандығын бітірген. 2011-2013 ж.ж М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің магистратура бөлімін аяқтап «Тарих» магистрі академиялық дәрежесін алды.
Еңбек жолын 2003-2011 ж.ж М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жанындағы «Көп салалы» коледжінде оқытушы қызыметін атқарды. 2013жылы Тараз мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушысы, 2017 жылдан бастап аталған кафедраның аға оқытушысы.
Қазіргі уақытта Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті, «Тарих» кафедрасының аға оқытушысы.
Аида Берікқызы кафедраның біліктіліктті арттыру, бітірушілерді жұмысқа орналасытыу жұмыстарына және 4-курс студенттеріне куратор.