Курс туралы ақпарат
6В02211-Тарих білім беру бағдарламасы Тәуелсіз Қазақстан тарихын оқыту қажеттілігі мемлекет пен қоғам тарапынан жоғарғы оқу орнындағы білім беру жүйесіне қойылып отырған талаптардан, республиканың әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуынан туындаған заңды құбылыс болып табылады. Аталмыш курстың функционалдық қызметінің басым бағыттары студенттердің тарих ғылымдар жүйесіндегі маңызды бөлім қазіргі замандағы тәуелсіз Қазақстан тарихының негіздерін меңгеру, олардың бойында мәдениеттілікті, жеке тұлғаның өзін-өзі айқындауы мен тарихты оқытуда жаңалықтарды қолдану қабілетін қалыптастыру болып табылады. «Тәуелсіз Қазақстан тарихы» курсын оқу жеке студенттің тарих ғылымындағы өз орнын анықтау мектебі болып табылады.
Курстың мақсаты
Пәнді оқытудағы басты мақсат – студенттерді аталмыш пәнмен, оның әдістері мен проблематикаларымен таныстыру, пәннің негізгі теориялық танымын көрсету болып табылады. Курстың мақсаты — болашақ тарихшыларды Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихымен, экономикасымен, шетелдермен қарым-қатынасы және саяси тарихымен таныстыру, тәуелсіздік алған жылдардағы тарихынан толығырақ хабардар ету.
Курсты оқытудың міндеттері:
- Тәуелсіз Қазақстан тарихын оқыту арқылы отансүйгіш азамат тәрбиелеу;
- студенттерді Тәуелсіз Қазақстан тарихының бүгінімен таныстырып, оларды өткен бабалардың әлеуметтік, адамгершілік тәлім-тәрбиесін ұғынуғабейімдеу;
- қазіргі қоғамға кіріккен және жетілдіруге ұмтылатын тұлға қалыптастыру;
- тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке кіріктіруге бейімдеу;
- әр түрлі көзқарастар жүйесін есепке ала отырып, пікірлер мен көзқарастарды еркін таңдау құқын қорғауын қамтамасыз ету, гуманистік және демократиялық құндылықтарға бағыттау;
- тарихи білімдер мен әдістерді қолданып, қоғамдық ойдағы жаңа мағлұматтарды өз позициясы тұрғысынан сын көзімен бағалап, талдай алу дағдысын қалыптастыру. – тақырып бойынша, тарихи әдебиеттері пайдалану арқылы реферат, баяндамалар жазу.
- жоғарғы оқу орнында білім беру процесінің вариативтілігі мен тұлғаға бағдарлануын қамтамассыз ету, студенттің білім алу әрекетіне қызығушылығын арттыру;
- Білім беру мазмұнын жаңғырту және оның әрекеттік компонентін күшейту негізінде білім алу процесінің практикалық бағдарлануын іске асыру;
- әлеуметтену мүмкіндігін кеңейту, жалпы және кәсіби білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, әрбір студентті жоғары ақпараттық білім алуға біршама тиімді даярлау;
– өз пікірлерін нақты деректерге сүйеніп, толық баяндап беруге, тақырып бойынша қорытынды жасауға үйрету.
Курс авторы
Альдибаева Аида Берікқызы
1982 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Көлқайнар ауылында дүниеге келген. 1989 жылы Байзақ ауданы, Абай ауылы «Абай» орта мектебіне қабылданып аталған мектепті 1999 жылы бітірді. 1999-2013 ж.ж М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Тарих, құқық және экономика» мамандығын бітірген. 2011-2013 ж.ж М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің магистратура бөлімін аяқтап «Тарих» магистрі академиялық дәрежесін алды.
Еңбек жолын 2003-2011 ж.ж М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жанындағы «Көп салалы» коледжінде оқытушы қызыметін атқарды. 2013жылы Тараз мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушысы, 2017 жылдан бастап аталған кафедраның аға оқытушысы.
Қазіргі уақытта Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті, «Тарих» кафедрасының аға оқытушысы.
Аида Берікқызы кафедраның біліктіліктті арттыру, бітірушілерді жұмысқа орналасытыу жұмыстарына және 4-курс студенттеріне куратор.