Академиялық кезеңде «Дене шынықтыру 1» пәні қашықтықтан оқыту форматта оқытылады: 1 - 15 апталарда. Пән бойынша 15 сабақ өткізу қарастырылған, барлық сабақ практикалық және 15 оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы
Пән бойынша тапсырмаларды бағалау бақылау кестесіне сәйкес жүргізіледі.4, 6, 8, 10, 12 және 14 апталарда процентпен көрсетілген бағалар дерекқорға енгізіледі. Максималдық балл - 10 балға тең және балдық-рейтингтік шкала бойынша 0 - 100% шамасымен бағаланады.
ЭПән бойынша оқу процесін мониторингтеу үшін 2 аралық бақылау өткізіледі: бірінші аралық бақылау (РК 1) 8 аптада, екінші аралық бақылау (РК 2) 14 аптада. Академиялық кезеңнің 4, 6 және 8 апталарының қосынды балы бірінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 балға дейін (100% дейін) болады. 10, 12 және 14 апталардың қосынды балы екінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 баллға дейін (100% дейін) болады. Екі аралық бақылаудың максималдық қосынды балы – 60 балды (100%) құрайды.
Студент оқытушы ұсынған тапсырмаларын, видео-лекциялардан, презентациялар мен тізімде көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қолданып, әрбір практикалық сабаққа дайындалуы қерек.
Нәтижелі жұмыс атқару үшін студенттің академиялық адалдығын сақтау, оқу процесіне белсенді қатысу, уақтылы берілген тапсырмаларды бақылау кестесіне сай орындап отыру қажет. Пәнді оқу кезінде сізді төзімді және ашық-жарқын болуға шақырамыз. Студенттің жүріс-тұрысы университеттің ішкі ережелеріне сәйкес келуі керек..
Қамысбаева Джанар Қалабайқызы e-mail: tarqutaraz@mail.ru
Қамысбаева Жанар Қалабайқызы 1968 жылы 20 наурызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданы А.Сухамбаев атындағы ауылда дүниеге келдім. 1985-1989 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ дене шынықтыру институтын бітірдім. 1989 жылы қазіргі уақыттар аралығында М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ-де «Дене тәрбиесі» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарамын. Педагогика ғылымының магистрімін. Осы уақыттар аралығында 3 оқу құралын, 40 шақты әдістемелік нұсқауларды шығардым. Көптеген облыстық, республикалық, халықаралық дәрежедегі ғылыми конференцияларға қатысып тұрамын.
Сұрақ №1 Дене шынықтыру пәнін оқыған соң сертификат беріледі ме?
Жауап №1. Иә
Сұрақ №2 Емтихан тапсырамыз ба?
Жауап №2. Иә