
Данабекова Динара Ибадильдаевна
«Білім берудегі тарих және география» кафедрасының аға оқытушысы
Археология — тарих ғылымының ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы. Археология пәнін оқытудың басты мақсаты археологиялық деректердің негізінде арғы дәуірлердегі адамзаттың дамуын көрсету.Археологиялық мәдениеттермен таныстыру. Археологиялық зерттеу әдістерін қарастыру. Басты зерттеу нысаны алғашқы қауымнан, ерте заман мен орта ғасырлардан қалған материалдық ескерткіштер: еңбек құралдары, қару-жарақ түрлері, мекен-жай, қоныстардың, керуен сарайлар мен әскери бекіністердің жұрты, үй-іші заттары, зираттар, обалар, т.б. Бұл заттар ғылымда археологиялық ескерткіштер деп аталады. Қазба жұмыстары кезінде табылған материалдық деректерге ғылыми түсініктеме беру үшін археологияда антропология, этнология, геология, ботаника, зоология, палеонтология, физика, химия, топырақтану ғылымдарының зерттеу әдістері кеңінен пайдаланылады.
Пәннің мақсаты студенттерді тарих ғылымы мен білімі саласында археология білімін, мәселелері мен жетістіктерін пайдалана білуге, әдістеріне үйрету.
Археологиялық дәуірнама, археологиялық деректемелер мен ескерткіштер туралы түсініктерді жеткізу, зерттеу әдістерін, жаңа зерттеу салаларын үйрету, Қазақстан территориясындағы археологиялық мәдениеттермен таныстыру, археологиялық зерттеулерді, олардың нәтижелерін баян ету, тағы сондай көптеген мәселелерді қарастыру жоспарланады. Сол сияқты, әлемдік және достастық елдеріндегі археология ғылымының дамуы жөнінде де мағлұматтар беріледі.
«Білім берудегі тарих және география» кафедрасының аға оқытушысы