Перейти к основному содержимому

«Электродинамика және АСТ» пәні бойынша дәрістер курсы


DulatyUniversity
Запись на курс закрыта

Пәннің мақсаты мен міндеттері

Педагогиқалық бағытта физика маманын дайындайтын институттарда теориялық физиканы оқыту- материяның құрылымы және табиғаттың заңдарымен білімгерлерді таныстырып, физика ғылымының және арнайы физиқалық теориялардың әдістерін пайдалануын қалыптастырады.Теориялық физика білімгерлердің көңілін ең жалпы түсініктерге, физиканың заңдарына принциптеріне аударып, оларды физиқалық процестерді және құбылыстарды талқылауға үйретіп іске асыруға мүмкіншілік туғызады.Сол себептен теориялық физиканын негізгі әдістері арқылы әдістемелік жалпылау тәсілдерін физиқалық ұғымдар мен принциптер қолдануын, олардың қазіргі ғылым және техникамен байланысын көрсету керек

Арнайы салыстырмалық теориясы релятивистік механика негіздері мен электродинамиканы оқу классикалық және релятивистік концепциясы арасындағы қатынастарды терең түсінуге көмектеседі.Екінші жағынан электродинамиканы түсіндіруге релятивистік концепцияны қолдануға жағдай жасайды.Электродинамикада тек вакуумдағы электромагниттік өрістер қарастырылады.

Оқыту нәтижесі

Білімгерлерге әлемнің қазіргі физикалық бейнесіне деген біртұтас көзқарасын қалыптастыруға білім беру.
- Білімгерлерге физиқалық құбылыстармен заңдылықтардың, теориялардың қолдану мүмкіндіктерін дұрыс түсінуін, тәжірібиелік және теориялық әдістермен зерттеу нәтижесінде алынған нәтижелердің дұрыстығын бағалай білуін, ғылыми ойлауын қалыптастырады.
- Физиқалық теориялардың логиқалық құрылымы өз бетінше қалыптаспайтындығын, олар табиғаттағы байқалатын заңдылықтардың теорилық жалпылауы болып табылатындығын көрсетеді.
- Болашақ физиктердің ғылыми және техниқалық жетістіктерді жаңа принциптерді пайдаланып ұғынуы үшін, олардың теориялық дайындықтарының жоғары болуы. Сондай-ақ білімгерлер ;
- Дифференциалдық, интегралдық, есептеу әдістерін, векторларға амалдар қолдануды; Пәннен алған білімдерін практикада қолданып, оқулықтармен өз бетттерінше жұмыс істеуді меңгеріп шығуына тиіс.- есептеу, сапалық графиктік, сурет есептерін шығару әдістемесін;

Оқытушының аты-жөні

Фотография преподавателя #1

Бижигитов Темирхан

м.ғ.к., қауымдастырылған профессор "Физика және IT" кафедрасы, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті