
«Бастауыш мектепте тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінен бейне сабақтар курсы
DulatyUniversity

6В01301-«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2 курс студенттеріне арналған
Әрбір мұғалімнің жұмысында қиын, бірақ өте маңызды міндет бар. Ол – сынып жетекшісі болу. Сынып жетекшісі оқушылармен де, ата-аналармен де тікелей байланыс жасайды, оқушылардың мектеп ұжымындағы мәселелерін шешуге, мектеп өмірін қызықты әрі пайдалы етіп ұйымдастыруға шын ниетімен ұмтылады. Сынып жетекшісінің рөлі оқушылардың мектеп ұжымында өз орнын табуына, әлеуметтік өмірдегі өз міндетін білуіне жағдай жасауға байланысты
Пәннің мақсаты: тәрбие үдерісінің негіздерін және тәрбиелік іс-әрекеттің әдістемесі мен технологиясын танып білуде болашақ бастауыш сынып мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру. Пәннің міндеттері:- Болашақ бастауыш сынып мұғалімдердің оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының теориясы, әдістемесі мен технологиясы саласындағы білімдерін кеңейту және тереңдету;- тәрбиенің дәстүрлі әдістемесі және қазіргі заманғы технологиясын пайдаланумен сынып жетекшісі іс-әрекетін іске асыру үшін болашақ бастауыш сынып мұғалімдерде жалпы педагогикалық, әлеуметтік-тұлғалық және пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру және дамыту;- болашақ бастауыш сынып мұғалімдердің оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында үздіксіз кәсіби жетілуіне және креативтілігін дамытуға ұстанымын қалыптастыру
Студент оқытушы ұсынған лекциялар конспектісін, видео-лекцияларды, презентациялар мен тізімде көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қолданып, әрбір лекциялық және практикалық сабаққа дайындалуы қерек
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер меңгеруі тиіс:- тәрбие жұмысының мәнін, мақсаты мен міндеттерін;- ҚР қазіргі заманауи тәрбие тұжырымдамаларын және мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесін;- сынып жетекшісі іс-әрекетінің жүйесі мен бағыттары;- тәрбие үрдісінің субъектілері – мұғалімдер, білімалушылар, ата-аналардың педагогикалық әрекеттестігі мен ынтымақтастығының формалары, әдістері;- әртүрлі бағыттағы тәрбие жұмысының формалары, әдістері, құралдары;- заманауи тәрбие технологиялары;- оқушылардың тәрбиелілік деңгейлерінің және тәрбие жұмысының диагностикасы туралы білімдерді меңгеруі тиіс. Студентте қалыптасуы қажет біліктіліктер мен дағдылар:- сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау;- мақсат пен міндеттерді, сонымен қатар тәрбиеленушілердің жастық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып,, тәрбиенің түрлерін таңдау;- тәрбиенің әдістері мен тәсілдерін вариативті қолдану, тәрбиені ұйымдастыру формаларын, құралдарын таңдау таңдау және пайдалану;- балалармен тәрбие жұмысында ұйымдастыру және тәрбиенің инновациялық технологияларын пайдалану;- сынып сағаттарын, ҰШІ-ті және әртүрлі бағыттағы тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру;- тәрбиенің инновациялық технологияларын, оның ішінде қиын балаларды тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу әдістерін таңдау және пайдалану;- ата-аналармен тиімді ынтымақтастық формаларын таңдау;- дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру;- тәрбие үрдісінің тиімділігін зерттеу және оны әдістемелік қамтамасыздандыру
Команда курса
