
Калмаханова Маржан Сеитовна
PhD докторы, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Курстың мақсаты органикалық химияның фундаменталды негіздерін зерттеп, алифатты органикалық қосылыстар химиясының химия өнеркәсібінің теориялық негізін құрайтынын және маңыздылығын түсіндіру және алифатты органикалық қосылыстардың негізгі кластарының құрылысы мен қасиеттері және синтезделу жолдары жайлы білім беру.
Пәнді оқыту нәтижесінде» болашақ мамандар оқу барысында білуі тиіс:
1. органикалық қосылыстардың теориялық негіздерін алифатты органикалық қосылыстардың классификациясын, номенклатурасын;
2. алифатты органикалық қосылыстардың химиялық қасиетін және құрылысын байланыстыратын жалпы заңдылықтарды,
3. алифатты қосылыстардың негізгі кластарын зертханада және өндірісте алу жолдарын
4. алифатты қосылыстар мен туындыларының қасиеттерін, түрлендіру жолдарын, реакция түрлерін, негізгі түрлерінің механизмін,
5.органикалық заттар технологиясының экологиялық мәселелері, ауыл шарушылығында пайдалануды білуі тиіс
6. органикалық синтез лабораториясындағы құрал-жабдықтармен жұмыс жасауға практикалық икемделу мен білім алады.
PhD докторы, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті