Перейти к основному содержимому

Қосалқы тарих пәндер


DulatyUniversity
Запись на курс закрыта

Пәннің сипаттамасы:

Қазiргi таңда Қазақстанда қосалқы тарихи пәндерді оқытудың маңызы өте зор. Тарих ғылымы өз нәтижелерін әр- алуан тарихи дерек арқылы түйіндейді. Осы деректерді сынау үшін қосалқы тарихи пәндердің әдістері мен мәліметтері қолданылады. Оқу процессiнде генеалогияның, нумизматиканың, геральдиканың, палеографияның, эпиграфиканың, хронологияның, метрологияның, фалеристиканың, вексиллологияның, дипломатиканың міндеттері мен мақсаттарын оқыту, пән мазмұнымен таныстыру, осы ғылым салаларының беретiн құнды ғылыми мәлiметтерi мен зерттеу әдістерін білу және пайдалану арқылы студенттердiң тарихи бiлiмiн толықтырып, дүниетанымын кеңетiп, жаңаша көзқарас қалыптастырып, болашақ iзденiстерге жол ашады. Қосалқы тарихи пәндердің көп тақырыптары отандық тарихқа қатысты мәселелерді талдауға бағытталған. Пән тарихи дерек түрлерінің сыныпталуын терең меңгеруге, тарихи деректерден ақпарат ала білуге, ішкі, сыртқы сыннан өткізуге, қосалқы тарихи пәндердің әдістерін кешенді түрде қолдана білуге баулиды.

Қосалқы тарихи пәндердi оқытудың мақсаты:

Пәннің мақсаты студенттерді тарих ғылымы мен білімі саласында қосалқы тарихи пән салалары білімін, мәселелері мен жетістіктерін пайдалана білуге, әдістеріне үйрету.

Пәннің міндеттері:

Тарихи қосалқы пәндердiң теориялық мәселелерімен таныстыру, қосалқы тарихи салаларының атаулары мен түсініктерін талдау, әлемдегі тарихи оқиғалардың нақты уақытын, орнын, әр түрлі қырынан қарастыру әдістерін игеру. Қосалқы тарихи пәнді оқыту арқылы отандық тарих ғылымының дамуына, оның тарихи оқиғаларының шынтуайттылық негiзде жазылғанын саралау. Қосалқы тарихи пәндердің салаларының өз- ара байланысы мен ерекшелігін, байланысын ашуға, алған білімдерін кәсіби қызмет саласында қолдана білуге үйретеді.

6В01601- тарих мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының білімгерлеріне арналған.

Курс авторы

Фотография преподавателя #1

Данабекова Динара Ибадильдаевна

«Білім берудегі тарих және география» кафедрасының аға оқытушысы