Перейти к основному содержимому

«Цифрлы педагогика» пәнінен бейне сабақтар курсы


Dulaty_University

КУРС ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

«Цифрлы педагогика» пәні лекция курсы педагогикалық жоғары оқу орнының барлық мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттерге, соның ішінде 6В01301 – Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасында білім алып жатқан болашақ педагогтерге арналады.

«Цифрлы педагогика» курсы ҚР ҒЖБМ тарапынан қаржыландырылған AP09259497 «Жаңа жағдайдағы Қазақстанда педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру: Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқытуда болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық-әдістемелік аспектілері» (Мемлекеттік тіркелу № 0321РК01008) ғылыми жобасы аясында дайындалды және өткізілді.

«Цифрлы педагогика» пәнінің мақсаты – болашақ педагогтердің цифрлы білім беру ортасындағы цифрлық құзыреттіліктерін қалыптастыру.

«Цифрлы педагогика» курсының міндеттері:

- Білім беруді цифрландырудың педагогикалық негіздерін ашып көрсету;

- Болашақ педагогтерді цифрлы білім беру ортасы, цифрлы білім берудің даму тенденциялары, заңдылықтары, принциптерімен таныстыру;

- «Педагогтің цифрлық құзыреттілігі», «педагогтің цифрлық сауаттылығы» ұғымдарының мәні мен мазмұнын ашып көрсету;

- Цифрлы білім беру ортасындағы оқыту технологияларының ерекшеліктерін ашып көрсету, цифрлы білім беру ортасындағы педагог қызметінің ерекшеліктерімен таныстыру, педагогтің цифрлы білім беру платформаларын пайдаланудың тиімді жолдарын көрсету, әдістемесін ұсыну.

- Цифрлы білім беру ортасындағы педагогтің қызметімен таныстыру;

- Цифрлық ортадағы мұғалім мен оқушының рөлін айқындау және цифрлы қоғамдағы цифрлы педагогтің құзыреттіліктерін ашып көрсету.

«Цифрлы педагогика» пәні оқытушының алдына білім алушыны нақты және нәтижелі мақсатқа бағыттауды міндет ете отырып, білім сапасын қамтамасыз етуді алға шығарады.

«Цифрлы педагогика» курс бейне лекцияларында цифрлы білім беру ортасы, цифрлы білім берудің даму тенденциялары, заңдылықтары, принциптері, әдістері мен технологияларының мәні ашылады. Цифрлық білім беру процесінінің даму тенденциялары, заңдылықтары мен дидактикалық ұстанымдары, тенденцияларға жаңа сипаттама беріліп, кәсіби білім беру принципінің цифрлық трансформациясы, дидактикалық заңдылықтары зерделеніп, цифрлық білім беру процесін құру, қоғамды цифрландыру жағдайында білім беру процесін ұйымдастыру және цифрлы білім берудегі дидактикалық принциптер тереңірек қарастырылады. Киберпедагогиканың пайда болуы, оның негізгі ұғымдары беріледі. Киберпедагогика технологиялары мен әдістерінің дидактикалық дайджесті талданады.

Цифрлық педагогика контекстіндегі жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының мазмұны ашылып, цифрлық ортадағы мұғалім мен оқушының рөлі айқындалады.

«Цифрлы педагогика» курсы бейне лекцияларында теориялық материал белгілі бір реттілікпен жаңа мазмұнда ұсынылады: ғылыми педагогикалық терминдердің анықтамасы беріліп, мәні жан-жақты ашылады; цифрлы білім берудің даму тенденциялары, заңдылықтарының мән-мағынасы ашылып, педагогикалық тәжірибеде қолдануы бойынша нақты мысалдар келтіріледі. Теориялық материал сызба, сурет, диаграммалармен безендіріліп, болашақ педагогтердің материалды тереңірек меңгеруіне мүмкіндік береді. Теориялық материал инновациялық мазмұнымен ерекшеледі.

КУРС АВТОРЫ

Фотография преподавателя #1

БУЗАУБАКОВА КЛАРА ДЖАЙДАРБЕКОВНА

«Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының және Халықаралық ақпараттандыру Академиясының академигі, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» (2008 ж., 2014 ж.) грантының екі рет иегері.

Оқытатын пәндері: Педагогика, Білім берудегі менеджмент, Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, Жоғары мектеп педагогикасы, Педагогикалық шеберлік, Цифрлы педагогика, Құндылыққа бағытталған көшбасшылық, Зерттеулерді әзірлеу, мәліметтерді жинау және талдау.

Ғылыми-зерттеу бағыты: мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру; білім берудегі инновациялық технологиялар; болашақ педагогтердің цифрлық құзыреттіліктін қалыптастыру; ЖОО-ы арасында коллаборативті цифрлық орта қалыптастыру.

2020-2025 жылдары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті жариялаған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру байқауына ұсынған 2 жобасы жеңіске жетіп, 2 ғылыми жобаға жетекшілік етуде:

1) AP09259497 «Жаңа жағдайдағы Қазақстанда педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру: Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқытуда болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық-әдістемелік аспектілері» (Мемлекеттік тіркелу № 0321РК01008).

2) АР19680242 «Қазақстан Республикасында педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында жоғары оқу орындарының коллаборативті цифрлы білім беру ортасын құру» (Мемлекеттік тіркелу № 0123РК00593).

Педагогикалық мектебі: 2023 жылдан бастап Жамбыл облысы Шу ауданы Төлеби атындағы орта мектебінде дарынды оқушыларға арналған Авторлық Кіші Ғылыми Академиясына және «Дулати» педагогикалық сыныбына жетекшілі етеді.

Кәсіби біліктілікті арттыру:

1. «Pedagogical Professional Development Programme to Improve Initial Teacher Education», 15 ECTS. 2022 ж., Финляндия, Хямеенлинна қ.

2 «Реализация модели педагогического образования и усиления ее содержания» KZEMP/DS-02 Тренер по масштабированию образовательных программ высшего образования, 72 сағ. (Сертификат; Хямеенлинна қ. ., 15.12.2023ж.) . 2023 ж., Финляндия, Хямеенлинна қ.

ҚР ҒЖБМ Республикалық Оқу-әдістемелік бірлестігі Грифімен ұсынылған оқулықтары: «Педагогикалық шеберлік» (2018ж.); «Педагогика» (2019 ж.); «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» (2019 ж.); «Педагогика» электронды оқулық (2021 ж.), « «Білім берудегі менеджмент» (2021ж.), «Цифрлы педагогика» (2022 ж.), «Цифровая педагогика» (2023ж.)

Ғылыми еңбектері: 400-ге жуық ғылыми еңбектің авторы; олардың ішінде 8 оқулық, 7 электронды оқулық ; 163 оқу-әдістемелік құралдар, 9 монография; 2 педагогикалық білім беру порталдарының (www.smart-pedagog.kz ; https://edu-collaboration.kz/) авторы және Scopus, Web of Science базасындағы Халықаралық инфакт-факторлы журналдарда 5 ғылыми мақала, Хирша инднксі -1.

Ғылыми-педагогикалық өтілі: 40 жыл.

Внести в список