Перейти к основному содержимому

«Педагогика» пәнінен бейне сабақтар курсы


Dulaty_University

КУРС ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

«Педагогика» пәні бойынша лекциялар 6В01 – барлық педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан болашақ педагогтерге арналады.

Педагогика курсы – болашақ педагогтерге қазіргі кезеңдегі тәрбие мен заманауи оқыту процесі бойынша терең білім беретін пән.

Қазіргі кезеңде тәрбиенің және әлемдік деңгейде білім берудің мәдени, ұлттық құндылықтарды қамтуы мен ықпал жасау аясының кеңейе тусуіне қарай педагогика курсының мазмұнын жаңарту қажеттілігі орын алуда. Сол себепті пәннің құрылымы, мазмұны адамзат қоғамының үнемі жаңарып, өзгеруіне байланысты тәрбие мен оқытудың мақсаты ұдайы өзгеріске ұшырайды.

«Педагогика» курсының мақсаты – болашақ педагогтердің біртұтас педагогикалық процесті тұлғаның өзін-өзі дамыта алатындай ұйымдастыруда заманауи тәрбие мен оқытудың инновациялық технологияларымен қаруландырып, инновациялық педагогикалық тәжірибені үйрену, зерттеу, насихаттау және тарату бойынша педагогикалық шеберлік негіздерін меңгерту арқылы кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру.

«Педагогика» курсы бойынша бейне лекциялар болашақ педагогтерге заманауи педагогикалық процесті ұйымдастыру мен басқарудың инновациялық әдіс-тәсілдері мен технологияларын жеңіл әрі сапалы меңгеру мүмкіндігін ұсынады.

«Педагогика» курсы бейне лекцияларында теориялық материал белгілі бір реттілікпен жаңа мазмұнда ұсынылады: ғылыми педагогикалық терминдердің анықтамасы беріліп, мәні жан-жақты ашылады; педагогикалық заңдылықтардың мән-мағынасы ашылып, педагогикалық тәжірибеде қолдануы бойынша нақты мысалдар келтіріледі. Теориялық материал сызба, сурет, диаграммалармен безендіріліп, болашақ педагогтердің материалды тереңірек меңгеруіне мүмкіндік береді. Теориялық материал терең мазмұнымен ерекшеледі.

«Педагогика» курсының міндеттері:

Өлшеу нәтижелерін, химиялық талдаудағы қателіктерді есептеу, химиялық талдау әдістерінің метрологиялық сипаттамаларын өңдейді.

● Болашақ педагогтерге қазіргі қоғамдағы педагогтің жетекші рөлі, педагогиканың теориялық әдіснамалық негіздері мен заманауи тұжырымдамалары және Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің мәні, сондай-ақ білім беру процесін дамытуда инновациялық технологияның орны мен рөлін айқындау бойынша өз білімдері мен дағдыларын дамытуға және қолдануға мүмкіндік беру; олардың педагогикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру;

● Болашақ педагогтердің педагогикалық жүйенің барлық мүшелерінің өзара іс-әрекеттерін ұйымдастыру дағдыларын; ғылыми-зерттеу жұмыстары; білім беру процесінде инновациялық технологияны үйрену; өзінің кәсіби іс-әрекетінде икемділік пен ұтқырлықты қалыптастыру дағдыларын меңгерту; кәсіби құзыреттіліктерін дамыту;

● Болашақ педагогтердің алған жаңа білімдерін тәжірибеде табысты қолдану; оқушылардың сындарлы ойлай алу және функционалдық сауаттылықтарын дамыту мақсатында тұтас педагогикалық процесті жоспарлау және жүзеге асыра алатындай инновациялық технологияны шебер пайдаланатындай технологиялық құзыреттіліктерін жетілдіру.

● Болашақ педагогтердің тұтас педагогикалық процесті ұтымды жоспарлау және нәтижелі жүзеге асыра алатындай өзінің авторлық инновациялық технологияны өмірге әкелуші-жасаушы ретіндегі инновациялық іс-әрекетіне мотивация беріп, қолдау көрсету, бағыт-бағдар беру, креативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру.

«Педагогика» курсын оқу барысында болашақ педагогтер:

Біледі: қазіргі қоғамдағы педагогтің жетекші рөлі және әлеуметтік тағайындалуы; педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері; Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің мәні; білім беру процесін дамытуда инновациялық технологиялардың орны мен рөлі.

Жасай алады: алған білімдерін тәжірибеде өз бетінше қолдану; оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау және жүзеге асыру; оқушылардың сындарлы ойлай алу және функциянальды сауаттылықтарын дамыту мақсатында тұтас педагогикалық процесте инновациялық технологияны пайдалану.

Меңгереді: педагогикалық жүйенің барлық мүшелерінің өзара іс-әрекеттерін ұйымдастыру дағдыларын; ғылыми-зерттеу жұмыстары; білім беру процесінде инновациялық технологияны қолдану; өзінің кәсіби іс-әрекетінде икемділік пен ұтқырлықты қалыптастыру дағдыларын.

КУРС АВТОРЫ

Фотография преподавателя #1

БУЗАУБАКОВА КЛАРА ДЖАЙДАРБЕКОВНА

«Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының және Халықаралық ақпараттандыру Академиясының академигі, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» (2008 ж., 2014 ж.) грантының екі рет иегері.

Оқытатын пәндері: Педагогика, Білім берудегі менеджмент, Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, Жоғары мектеп педагогикасы, Педагогикалық шеберлік, Цифрлы педагогика, Құндылыққа бағытталған көшбасшылық, Зерттеулерді әзірлеу, мәліметтерді жинау және талдау.

Ғылыми-зерттеу бағыты: мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру; білім берудегі инновациялық технологиялар; болашақ педагогтердің цифрлық құзыреттіліктін қалыптастыру; ЖОО-ы арасында коллаборативті цифрлық орта қалыптастыру.

2020-2025 жылдары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті жариялаған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру байқауына ұсынған 2 жобасы жеңіске жетіп, 2 ғылыми жобаға жетекшілік етуде:

1) AP09259497 «Жаңа жағдайдағы Қазақстанда педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру: Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқытуда болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық-әдістемелік аспектілері» (Мемлекеттік тіркелу № 0321РК01008).

2) АР19680242 «Қазақстан Республикасында педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында жоғары оқу орындарының коллаборативті цифрлы білім беру ортасын құру» (Мемлекеттік тіркелу № 0123РК00593).

Педагогикалық мектебі: 2023 жылдан бастап Жамбыл облысы Шу ауданы Төлеби атындағы орта мектебінде дарынды оқушыларға арналған Авторлық Кіші Ғылыми Академиясына және «Дулати» педагогикалық сыныбына жетекшілі етеді.

Кәсіби біліктілікті арттыру:

1. «Pedagogical Professional Development Programme to Improve Initial Teacher Education», 15 ECTS. 2022 ж., Финляндия, Хямеенлинна қ.

2 «Реализация модели педагогического образования и усиления ее содержания» KZEMP/DS-02 Тренер по масштабированию образовательных программ высшего образования, 72 сағ. (Сертификат; Хямеенлинна қ. ., 15.12.2023ж.) . 2023 ж., Финляндия, Хямеенлинна қ.

ҚР ҒЖБМ Республикалық Оқу-әдістемелік бірлестігі Грифімен ұсынылған оқулықтары: «Педагогикалық шеберлік» (2018ж.); «Педагогика» (2019 ж.); «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» (2019 ж.); «Педагогика» электронды оқулық (2021 ж.), « «Білім берудегі менеджмент» (2021ж.), «Цифрлы педагогика» (2022 ж.), «Цифровая педагогика» (2023ж.)

Ғылыми еңбектері: 400-ге жуық ғылыми еңбектің авторы; олардың ішінде 8 оқулық, 7 электронды оқулық ; 163 оқу-әдістемелік құралдар, 9 монография; 2 педагогикалық білім беру порталдарының (www.smart-pedagog.kz ; https://edu-collaboration.kz/) авторы және Scopus, Web of Science базасындағы Халықаралық инфакт-факторлы журналдарда 5 ғылыми мақала, Хирша инднксі -1.

Ғылыми-педагогикалық өтілі: 40 жыл.

Внести в список