Перейти к основному содержимому

«Жоғары мектеп педагогикасы» пәнінен бейне сабақтар курсы


Dulaty_University

КУРС ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

«Жоғары мектеп педагогикасы» пәні бойынша бейне лекция курсы ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша жоғары білімнен кейігі білім алып алып жатқан магистранттарға, соның ішінде 7М01107– Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық білім беру бағдарламасында білім алып жатқан магистранттарға арналады.

«Жоғары мектеп педагогикасы» пәнінің мақсаты – жоғары мектеп дидактикасы, тәрбие теориясы және білім беру менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау білім негізінде кәсіптік-педагогикалық мәдениет контексінде ЖОО-да және колледждерде педагогикалық іс-әрекет қабілетін қалыптастыру; болашақ оқытушыларды жоғарғы мектеп педагогикасының теориялық және әдіснамалық негіздерімен, қазіргі заманғы оқыту мен тәрбиелеуді жоспарлау, ұйымдастыру технологияларымен, ЖОО білім беру процесінде оқытушы мен студенттің өзара әрекетінің субъект-субъектілі қарым-қатынас технологиясымен таныстыру.

Пәннің міндеттері:
- әлемдік білім беру кеңістігін және Болон процесін білім беруді дамытудың қазіргі заманғы стратегиясы ретінде сипаттау;
- тұтас педагогикалық процесс теориясы тұрғысынан оқу-тәрбие жағдайларын талдау және бағалау (жағдайларды кешенді, жүйелі талдау);
- білім беру заңдылықтары мен принциптеріне сәйкес тұтас педагогикалық процесті жобалау;
- әдіснамалық тұғырлар (іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлы, құзыреттілік, кредиттік жүйе және т.б.) негізінде оқыту процесін динамикалық жүйе ретінде құру;
- әртүрлі стратегиялар мен оқыту технологиясын пайдалана отырып, дәріс, семинар, практикалық, зертханалық сабақтарды жобалау;
-оқыту әдістерін келесі критерийлер негізінде жіктеу: дәстүрлік-инновациялық; білім алушылардың танымдық іс-әрекеттік белсенділігі; дидактикалық мақсат пен нәтижеге бағыттылығы;
- оқыту мен тәрбиелеудің стратегиялары мен әдістерін қолдану, оқыту мен тәрбие технологиялары;
- білім берудің өзекті мәселелері бойынша зерттеу жобаларын әзірлеу және нәтижелерді презентациялау, мақалалар және т.б. түрінде ұсыну;
- университеттерді басқарудың әртүрлі тәсілдерін сипаттау (университет менеджменті-желілік, құрылымдық, матрицалық): құрылымы, сапасы, беделі;
- менеджменттің заманауи тәсілдері негізінде құрылымды, сапаны, беделін жетілдіруге бағытталған білім беру ұйымдарының процестерін басқару және бағалау және т.б.

Магистрант игеретін құзыреттіліктер:
- Жоғары білім беру педагогикасы теориясы мен практикасындағы ортақ көзқарас, идеяларды жүйелеудің жалпы негізгі заңдылықтары, принциптері, ерекшеліктерін білу.
- Оқыту мазмұнын жобалау, оқытудың әдістері, әдістемелері, технологиясын жетілдіру және ұйымда пайдалану, тез өзгермелі немесе күтпеген жағдайда заманауи құралдарды пайдаланып, түбегейлі жаңа стратегиялық шешімдер қабылдай алатындай өзінің білімі мен біліктілігін жетілдіретін қабілеттерін қалыптастыру біліктілігін игеру.

Оқу пәні бойынша күтілетін нәтижелер:
Біледі: педагогика ғылымының өзекті мәселелерін, ЖОО оқытушысының педагогикалық іс-әрекетінің маңызын және жоғары мектеп педагогикасы негіздері бойынша білімді игеру.
Жасай алады: педагогикалық жағдаяттарды түсіндіру және дамуын болжау; әртүрлі мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік және ақпараттық комплексті дайындау.
Меңгереді: пәндік міндеттерді шешудегі ақпараттық-ізденушілік және талдау-синтездеу іс-әрекеттік дағдылар; өз бетінше жұмыс жасау және жеке кәсіби өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін дамыту. «Жоғары мектеп педагогикасы» курсы бойынша лекциялар болашақ педагогтерге оқыту заңдылықтары мен принциптеріне сәйкес ЖОО-ғы біртұтас педагогикалық процесті жобалау жеңіл әрі сапалы меңгеру жолдарын ұсынады.

«Жоғары мектеп педагогикасы» курсы лекцияларында теориялық материал белгілі бір реттілікпен жаңа мазмұнда ұсынылады: ғылыми педагогикалық терминдердің анықтамасы беріліп, мәні жан-жақты ашылады; жоғары білім берудің мазмұнын жобалау, оқытудың әдістері, әдістемелері, технологиясын жетілдіру жолдары жан-жақты ашылып, педагогикалық тәжірибеде қолдануы бойынша нақты мысалдар келтіріледі. Теориялық материал сызба, сурет, диаграммалармен безендіріліп, магистранттардың материалды тереңірек меңгеруіне мүмкіндік береді. Теориялық материал инновациялық мазмұнымен ерекшеледі.

КУРС АВТОРЫ

Фотография преподавателя #1

БУЗАУБАКОВА КЛАРА ДЖАЙДАРБЕКОВНА

«Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының және Халықаралық ақпараттандыру Академиясының академигі, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» (2008 ж., 2014 ж.) грантының екі рет иегері.

Оқытатын пәндері: Педагогика, Білім берудегі менеджмент, Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, Жоғары мектеп педагогикасы, Педагогикалық шеберлік, Цифрлы педагогика, Құндылыққа бағытталған көшбасшылық, Зерттеулерді әзірлеу, мәліметтерді жинау және талдау.

Ғылыми-зерттеу бағыты: мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру; білім берудегі инновациялық технологиялар; болашақ педагогтердің цифрлық құзыреттіліктін қалыптастыру; ЖОО-ы арасында коллаборативті цифрлық орта қалыптастыру.

2020-2025 жылдары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті жариялаған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру байқауына ұсынған 2 жобасы жеңіске жетіп, 2 ғылыми жобаға жетекшілік етуде:

1) AP09259497 «Жаңа жағдайдағы Қазақстанда педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру: Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқытуда болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық-әдістемелік аспектілері» (Мемлекеттік тіркелу № 0321РК01008).

2) АР19680242 «Қазақстан Республикасында педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында жоғары оқу орындарының коллаборативті цифрлы білім беру ортасын құру» (Мемлекеттік тіркелу № 0123РК00593).

Педагогикалық мектебі: 2023 жылдан бастап Жамбыл облысы Шу ауданы Төлеби атындағы орта мектебінде дарынды оқушыларға арналған Авторлық Кіші Ғылыми Академиясына және «Дулати» педагогикалық сыныбына жетекшілі етеді.

Кәсіби біліктілікті арттыру:

1. «Pedagogical Professional Development Programme to Improve Initial Teacher Education», 15 ECTS. 2022 ж., Финляндия, Хямеенлинна қ.

2 «Реализация модели педагогического образования и усиления ее содержания» KZEMP/DS-02 Тренер по масштабированию образовательных программ высшего образования, 72 сағ. (Сертификат; Хямеенлинна қ. ., 15.12.2023ж.) . 2023 ж., Финляндия, Хямеенлинна қ.

ҚР ҒЖБМ Республикалық Оқу-әдістемелік бірлестігі Грифімен ұсынылған оқулықтары: «Педагогикалық шеберлік» (2018ж.); «Педагогика» (2019 ж.); «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» (2019 ж.); «Педагогика» электронды оқулық (2021 ж.), « «Білім берудегі менеджмент» (2021ж.), «Цифрлы педагогика» (2022 ж.), «Цифровая педагогика» (2023ж.)

Ғылыми еңбектері: 400-ге жуық ғылыми еңбектің авторы; олардың ішінде 8 оқулық, 7 электронды оқулық ; 163 оқу-әдістемелік құралдар, 9 монография; 2 педагогикалық білім беру порталдарының (www.smart-pedagog.kz ; https://edu-collaboration.kz/) авторы және Scopus, Web of Science базасындағы Халықаралық инфакт-факторлы журналдарда 5 ғылыми мақала, Хирша инднксі -1.

Ғылыми-педагогикалық өтілі: 40 жыл.

Внести в список