Перейти к основному содержимому

6В01700 білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған " ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ХАНДЫҚ ДӘҮІР ӘДЕБИЕТІ" курсы (практикалық) курсы )


Moldabaeva

Курс туралы ақпарат

«Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті» курсында ХІ-ХҮІІІ ғасыр әдебиетінің айтулы өкілдерінің шығармашылықтарына терең теориялық, практикалық талдаулар жасап, ежелгі және хандық дәуір әдебиеттің тақырыптық-идеялық ерекшеліктерін айқындап, осы кезеңде ұлт тағдырына қатысты сан алуан мәселелер көтеріліп жазылған еңбектерді саралау арқылы қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып ғылыми зерттеулер жүргізуге қабілеті жоғары білікті қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерін даярлау. .

Студенттер әдебиеттану ғылымы, оның әдістері мен методологиясын меңгереді, әдеби процесс, эстетикалық заңдылықтарын салыстырады, әдеби шығармаға баға береді, көркем туындыларға рецензия, эссе жазуға дағды қалыптастырады, көркем шығарманы талдайды, Шетел әдебиеті шығармаларын ұлттық әдебиетімізбен салыстырады, әдеби шығармалардың көркемдік-эстетикалық сапасын саралайды, әдебиетті рухани-эстетикалық құндылық тұрғысынан қарастырып, мәтіндерді жазбаша, ауызша аудару қабілетіне ие болады.

Студенттерге қойылатын талаптар

"Ауыз әдебиеті", "Әдебиеттануға кіріспе", "Қазақстан тарихы" курстарын меңгеру.

Курс командасы

/assets/courseware/v1/57cfe295c4dbff6012617082fff1fdc6/asset-v1:Moldabaeva+LITERATURE+1+type@asset+block/%D0%90%D0%B9%D0%BD%D1%83%D1%801.jpg

Молдабаева Айнұр Айтмұхан қызы

Филология ғылымдарының магистрі. Жоғары оқу орындағы стажі - 15 жыл, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы

Жиі қойылатын сұрақтар

Қорытынды тесті екі рет тапсыруға болады ма?1

Болмайды

Аралық тесті бірнеше рет тапсыруға рұқсат па?

Рұқсат

Внести в список