
Преподаватель №1
Мурзакасымова Назгуль Саттаркуловна., Химия магистрі, аға оқытушы
Осы курста білім алу процесін мемлекеттік тілде, яғни қазақ тілінде жүргізу көптеп қолға алына бастады. Органикалық химия – көмірсутектер туындыларының қасиеттерін, құрамын және құрылымын зерттейтін ғылым. Құрамына көміртек атомдары кіретін қосылыстар органикалық қосылыстар деп аталады. Көміртектен басқа әрқашан сутек және көп жағдайда оттегі, азот, фосфор, күкірт, галогендер кіреді, оларды органогендер деп атайды. Тек қана көміртек пен сутектен тұратын органикалық қосылыстар көмірсутектер деп аталады. Қазіргі таңда синтетикалық және табиғи органикалық заттардың 20 миллионнан астам түрі белгілі және олардың саны әлі де өсуде. Ал бейорганикалық қосылыстың саны 700 мың шамасында. Дегенмен, көміртектің өзі және оның кейбір қарапайым қосылыстары: көміртек (ІІ) оксиді, көміртек (IV) оксиді, көмір қышқылы, карбонаттар, карбидтер және т.б. қасиеттеріне қарай бейорганикалық Органикалық қосылыстар бейорганикалық қосылыстарға қарағанда төзімсіз, оңай тотығады немесе жанады.
Бұл курсты игеру үшін тыңдалушылар техникалық университеттегі жоғары математика курсының көлемінде математикалық дайындыққа ие болуы керек.
Курстың ұзақтылығы қоса алғанда 1-15 апталарда дәріс сабақтары, 1-15 апталарда зертханалық сабақтар оқытылады. Нәтижелі жұмыс атқару үшін студенттің академиялық адалдығын сақтау, оқу процесіне белсенді қатысу, уақтылы берілген тапсырмаларды бақылау кестесіне сай орындап отыру қажет. Пәнді оқу кезінде сізді төзімді және ашық-жарқын болуға шақырамыз. Студенттің жүріс-тұрысы университеттің ішкі ережелеріне сәйкес келуі керек. Студент оқытушы ұсынған лекциялар конспектісін, видео-лекцияларды, презентациялар мен тізімде көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қолданып, әрбір лекциялық және практикалық сабаққа дайындалуы қерек.
Мурзакасымова Назгуль Саттаркуловна., Химия магистрі, аға оқытушы
Биография преподавателя/инструктора №2
Ответ №1.
Ответ №2.